«Желбірейді жеңіс туы мәңгілік!»

«Желбірейді жеңіс туы мәңгілік!»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп- интернаты» КММ-де «9 мамыр –Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 78 жыл» толуына орай өткізілетін іс-шаралар аясында «Желбірейді жеңіс туы мәңгілік!» атты суреттер мен ашық хаттар байқауы өтті. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.

Дата: 3.05.2023, 16:20 Автор: №24 мектеп-интернаты