"Мен оқимын, сенде оқы"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде мамыр айының 3-інші жұлдызында Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Мен оқимын, сенде оқы" 2-9 сыныптар арасында  30 минуттық  жаппай кітап оқу сағаты ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын  арттыру, оқуға құштар белсенділіктерін дамыту. 

Дана адамдардың кітап жөнінде айтқан сөздерінде былай делінген «Кітап – жан азығы», «Кітап - өмір ұстазы». Сондықтан оқушылар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс! 

Оқушылар ертегілерді, көркем әдебиеттерді сыныптарында  оқып, өз ойларын ортаға салып, оқырман күнделігіне қысқаша мазмұнын жазды.

Дата: 3.05.2023, 16:05 Автор: №24 мектеп-интернаты