«Тәуелсіздік- Желтоқсан шежіресі»

«Тәуелсіздік- Желтоқсан шежіресі»

14 желтоқсан күні 8 сынып оқушыларымен «Тәуелсіздік- Желтоқсан шежіресі» желтоқсан оқиғасы күндерінің қатысушысы, куәгері Жензакова Ғалия Кенжешовнамен «Сыр-сұхбат» кездесу кеші өтті. Кездесудің мақсаты Желтоқсан көтерілісінің  сипатын аша отырып,  тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімді қалыптастыру. Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке,  әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

Дата: 21.12.2021, 13:18 Автор: №24 мектеп-интернаты