«Семей полигонының жабылуына 30 жыл»

«Семей полигонының жабылуына 30 жыл»

«Тарих толқынында» облыстық тарих сауаттылық апталығы аясында Қарағанды облысы білім басқарамасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ-нің мектеп кітапханасында оқушыларға арнап «Семей полигонының жабылуына 30 жыл» тақырыбында кітап көрмесі өтті.

Мақсаты:Оқушыларға Семей полигонының қасіретін, зиянын түсіндіре отырып, жерін, елін сүйетін, табиғатты аялайтын патриот болуға тәрбиелеу.

Оқушылар кітап көремесімен таныспас бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен, қазақ халқының ақындары Мұхтар Шаханов және Олжас Сүлейменовтың өмірбаянымен танысты. Шара барысында полигонының тарихы мен қасіреті және ядролық сынаққа қарсы 1989 жылы құрылған “Невада-Семей” қозғалысының қызметі туралы, 40 жыл бойы Семей ядролық полигонындағы сыналған 456 ядролық және термоядролық жарылыстың адамдарға, қоршаған ортаға әсері туралы ақпараттарға шолу жасалды.

Дата: 13.12.2021, 11:45 Автор: №24 мектеп-интернаты