«Тарих толқынында тақырыбында тарих сауаттылығы апталығының ашылу салтанаты

«Тарих толқынында тақырыбында тарих сауаттылығы апталығының ашылу салтанаты

Қарағанды облысы білім басқармасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ облыстық «Тарих толқынында»  тақырыбында тарих сауаттылығы апталығының ашылу салтанаты өткізілді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын мектеп оқушылары  атап өтуді бастап кетті.

Тарих сауаттылығы Қазақстанымыздың Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып  «Төзімділік-бейбітшілік кепілі» айдарында өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің 30 жылда жеткен жеңісі, Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың төзімділігінің арқасында екенін оқушыларға түсіндіру.Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктерін дәріптеу болып табылады.

Оқушылар апталықтың ашылуына өз тараптарынан өлең -сөздерімен шашу жасады.

Қалың жұртым, қазағым, мақтан бүгін,

Жан сырыңды жайып сап ақтар бүгін.

Мерейі үстем мерекең болсын құтты,

Сан ғасырлар жоғалтып тапқан бүгін-деп бүгінгі күнге дайындалған презентацияны көріп танысты.

Дата: 7.12.2021, 9:26 Автор: №24 мектеп-интернаты