«Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы бойынша 8 -9 сынып оқушыларымен отырыс өтті.

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің

«№ 24 мектеп –интернаты» КММ -де «Құқықтық навигатор» құқықтық сауаттылық апталығы бойынша 8 -9 сынып оқушыларымен отырыс өтті.

Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу,құқықтық сауаттылығын тереңдету қоғамға жат мінез –құлықтардан сақтандыру, қоғамдық мүліктерді сақтауға үйрету.

Отырыс қатысушылары: ДТІЖО К.А.Бейсекина;әлеуметтік -педагог Хасенова А.О;мектеп инспекторы: Ж.Б.Секебаев; сынып жетекшілер, оқушылар.

Қатысушыларға тақырыпқа сай слайд, бейнеролик арқылы жан –жақты ақпарат берілді. Мектеп инспекторы Ж.Б.Секебаев оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды.

Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Отырыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.

https://www.facebook.com/100029688768668/videos/480184972981124/

Дата: 15.02.2021, 9:04 Автор: №24 мектеп-интернаты