«Өнегелі өмір» жобасы аясында және 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай 32 жыл толуына орай кездесу өтті.

09.02.2021 күні облыстық «Өнегелі өмір» жобасы аясында және 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай 32 жыл толуына орай кездесу өтті.

«Ерлік ұрпаққа аманат!» тақырыбында өткен кездесу мақсаты:

ауған соғысы ардагерлерінің мерекелерін атап өту қарсаңында тарихқа шолу, Ауған соғысы туралы мағұлмат алу, оқушыларымызға ардагерлердің ерлігін насихаттау және кәсіптік бағдар беру.

Іс-шараға Ауған соғысының ардагері жерлесіміз Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы шақырылды.ДТІЖО К.А.Бейсекина барлық қатысушыларды құттықтап, шараға келген қонаққа алғыс білдірді.Шараға қатысқан М.Ж.Аязбаев ерлігі және өмірі жайлы баяндап, жастарды өз Отанын сүюге, өз елінің патриоты болуға шақырды.Кездесу барысында мектепішілік «Тәуелсіз елдің- бақытты ұланы» сайысының қорытындысы бойынша «Жас сарбаз» патриот клубының мүшелеріне марапаттар табысталды. Шара соңы 7 «А» сынып оқушыларынан құралған үгіт-насихат тобының өлең жолдарымен жалғасты.

Сынып жетекшілер: Т.А.Абрамова;Е.К.Ахай;Шондина Э.В ұйымдастырған шараның оқушылар үшін маңызы зор, тағылымы мол, кейінгі ұрпаққа үлгі екені сөзсіз.

Қатысушылар саны: 45

https://www.facebook.com/100029688768668/videos/479797039686584/

 
 
Дата: 15.02.2021, 8:50 Автор: Школа-интернат №24