Размер шрифта:

"Денсаулық зор байлық"

10.09.2018 жылы "Денсаулық зор байлық", "Тәні саудың жаны сау" деген ұстаныммен мектебімізде денсаулық күні аталып өтті. Бұл күн әдеттегідей флешмоб -жаттықтырудан басталды. Әрбір үзілісте оқушылар арасында "Армреслинг" күш сынасу сайысы, қазақтың ұлттық ойындары "Арқан тарту" мен "Асық ату" дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің күшімен ұйымдастырылды. Ойындарға әр буынның оқушылары аса қызығушылықпен қатысты. Жанкүйерлер де ойыншыларды үлкен қошеметпен қолдады. Жеңімпаздар мектепішілік жиылыста мақтау қағазымен марапатталады. Бастауыш сынып оқушылары арасында "Көңілді старт" сайысы өтті. Кішкентай бүлдіршіндер бар ынтасымен ойынға белсене қатысты Бұл күн өзінің ерекшелігімен есте қаларлықтай болып өтті.