Мұғалімдерге қойылатын біліктілік талаптары.

Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

- және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

- Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін:

- "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

- және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.

 

Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

- және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

 

Барлық мамандықтардың пән мұғалімдері

Біліктілікке қойылатын талаптар:

         тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;

         және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;

         және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.

         Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

         1) "педагог":

         оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;

         білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

         білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

         білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

         білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

         кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

         2) "педагог-модератор":

         "педагог" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

         оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

         білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес білім беру ұйымы, аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болуы немесе кәсіби шеберлік конкурсының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болуы;

         3) "педагог-сарапшы":

         "педагог-модератор" біліктілігінің жалпы талаптарына сәйкес келу, бұдан басқа:

         ұйымдастырылған оқу қызметін, оқу-тәрбие процесін талдау дағдыларын меңгеру;

         білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы түрде айқындау;

         білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейіндегі олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, облыс деңгейіндегі конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

         облыстың, елдің телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -, телесабақтар дайындау (Бар болса);

         4) "педагог-зерттеуші":

         "педагог-сарапшы" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

         сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

         білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

         облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жабдықтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар мен салалық мемлекеттік органдардың білім беру ұйымдары үшін);

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың қатысушылары немесе жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болуы;

- "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

- аудан (облыстық маңызы бар қала), облыс (бар болса)деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын сындарлы айқындау;

- тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Білім мазмұнын сараптау Республикалық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "сарапшылардың электрондық базасына" (бұдан әрі-білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы) немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті (болған жағдайда) жанындағы РОӘК ұсынған (бұдан әрі - ТжКБД) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу – әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіру;

- елдің, облыстың теледидарында трансляциялау үшін енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне -, теле сабақтар дайындау (Бар болса);

- интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігінің жалпы талаптарына, сондай-ақ:

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы РОӘК-те мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы тиіс. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе ЖЖОКБҰ жанындағы РОӘК ұсынған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі сарапшылар құрамына кіруі немесе WorldSkills чемпионаттарының сарапшысы немесе педагогтардың біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болуы;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық немесе халықаралық кәсіптік конкурстардың немесе олимпиадалардың жүлдегері немесе жеңімпазы болу немесе республикалық немесе халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындау;

         "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы, "Үздік педагог" атағының иегері (болған жағдайда) болу;

         интернет-ресурстарды пайдалана отырып, жұмыс тәжірибесін тарату;

         тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс, республика деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау (бар болса);

         республикалық білім беру мазмұнын сараптау Ғылыми-практикалық орталығының "Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі немесе ТКББД жанындағы РОӘК ұсынған сарапшылар құрамына кіру;

         республика деңгейінде тәжірибені жинақтау, тиісті уәкілетті органның ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары ұйымдастырған педагогтар үшін семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

         елдің, облыстың теледидарында трансляциялауға енгізілген, білім беру порталдарында орналастырылған бейне-сабақтар, телесабақтар дайындау (бар болса).

 

Алғашқы әскери және технологиялық даярлығының педагог-ұйымдастырушысы

         Біліктілікке қойылатын талаптар:

- "Бастапқы әскери оқыту және дене тәрбиесі оқытушысы" мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- "Запастағы офицер", офицерлік құрам лауазымдарында жоғары (орта) әскери немесе педагогикалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжаты бар әскери қызметі болған жағдайда, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.

         Кәсіби құзыреттіліктерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

- білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлауға және ұйымдастыруға тиіс;

- білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

- білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

- білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

- кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын пайдалану;

- сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

- бұдан басқа, "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс:

- оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

- білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

- білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-сарапшы":

- "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

- ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

- тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

- аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

- аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

4) "педагог-зерттеуші":

- "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

- сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын пайдалану;

- білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

- аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;

- облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

- облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог-шебер":

-"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

- облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-де мақұлданған авторлық бағдарламасы болуы немесе басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болуы;

- ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

- тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

- республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

 

Аға тәлімгер

          Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе "Педагогика" бағыты бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы және педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін тәлімгер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

          Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

         1) "педагог-модератор":

         "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

 балалармен жеке және топтық жұмысты дербес ұйымдастыру;

2) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

балалармен диагностикалық жұмыстың ұйымдастырушылық нысандарын пайдалану, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларына ие болу, өткізілетін тәрбиелік іс - шараларды талдау әдістерін пайдалану, өз жұмысында озық педагогикалық тәжірибені пайдалану;

3) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

 ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;

 4) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

 ұйымдастыру-әдістемелік қызметті талдау технологияларын пайдалану;

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте және РОӘК-те мақұлданған әдістемелік материалдардың болуы.