17.03-күні мектеп-лицейішілік дәстүрлі «Ақ Ару, Ер Сұлтан» байқауы өткізілді.

17.03-күні мектеп-лицейішілік дәстүрлі «Ақ Ару, Ер Сұлтан» байқауы өткізілді.

17.03-күні мектеп-лицейішілік дәстүрлі «Ақ Ару, Ер Сұлтан» байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты:Оқушыларды қазақ халқының өткендегі өмірі мен тарихынан хабардар ету, салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпымен таныстыру. Олардың жүректерінде туған елге деген сүйіспеншілік және құрмет сезімін ояту.
Қатысушылар категориясы:9-10 сыныптар.
Байқау талабы төрт кезеңді қамтыды:
І кезең «Таныстыру» (жұптар өздерін әртүрлі форматта таныстырып,  ұлттық киімнің сән үлгісі көрсетіп өтеді)
ІІ кезең «Салт - дәстүр бойынша сұрақ - жауап» (жұптарға қазақтың салт - дәстүріне байланысты сұрақтар беріледі)
ІІІ кезең «Өз өнері» (жұптар өз өнерлерін әртүрлі форматта көрсетеді)
ІҮ кезең «Қол өнер» (жұптардың өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көрсету)
Сонымен қатар осы кезеңнің ерекшелігі:
Ер жігіттеріміз:
Гир көтеру
Қол күрестіру
Ару қыздарымыз:
Шаш өру үлгілері
Дастарқан әрлеу шеберлігіне бақ сынасты.
Байқау нәтижесінде:
Бас жүлде, мектеп-лицейіміздің Ер сұлтаны Мұрат Нұртілеу, Ақ ару Магауина Альмира 10 "Ә" сынып оқушылары атанды
І орын
9"Ә" сынып оқушылары:
Рымтаев Еркебұлан, Манатова Аружан
ІІ орын
9"Ә" сынып оқушылары:
Сағым Мәди, Ұзақбай Айару
ІІІ орын
10 "Ә" сынып оқушылары:
Амантай Мадина, Шаяхмет Санжар
9"Б" сынып оқушылары:
Қыдырбай Жанболат,Дүйсен Ақнұр
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!