Размер шрифта:

«Әкелер даңқы жолымен»

 «Әкелер даңқы жолымен»

15 сәуір күні Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында "Балқаш қаласының 85 жылдық мерейтойын атап өтуде «Әкелер даңқы жолымен» төрт ұрпақтың кездесу-форумы өтті.
Театрландырылған қойылым, би, музыка, ән әуенінің көмегімен оқиғалардың жарқын калейдоскопы, ұсынылып, тарих беттері парақталды. Форум ардагерлер, ұстаздар және мектеп-лицейіміздің ҰЛДАР ХОРЫНЫҢ орындауында Балқаш қаласының гимнімен аяқталды.
Қазыналы Балқаш қаласы гүлдене берсін!