«ХХІ ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры»

 «ХХІ ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры»

17 қаңтар 2022 жылы «ХХІ ғасыр –сауатты ұрпақ ғасыры» оқу сауаттылығы апталығы ашылу салтанаты 2 ауысым оқушылары үшін онлайн форматта ZOOM платформасында өткізілді.

Мақсаты: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Салтанатты саптық жиын мектеп-лицейдің гимнімен ашылып Қарлығыш Шәкәкімқызының құттықтау сөзімен басталды.
Саптық жиын барысында қалалық, облыстық ,республикалық мәнерлеп оқу байқауларының бірнеше мәрте жеңімпазы,мектеп-лицей Парламентінің президенті 9-сынып оқушысы Ибраимов Әлиханның Абайдың бірінші қарасөзіне түсірген саундтректі көрсетіліп, «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Ер Едіге» жырын жатқа айтудан облыстық байқаудың 3 -орын иегері 10-сынып оқушысы Ниханерлин Бабахан Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға»өлеңін оқып берді.

Оқу сауаттылығы апталығы барысында қткізілетін іс-шаралармен таныстырылды.

Құрметті оқушылар апталыққа белсенді қатысуға шақырамыз.