«Бақыттың самғау баспалдағы»

«Бақыттың самғау баспалдағы»

Қоғамның жүрек дүрсілі,өзегі бүгінгі жастар екені белгілі.Елбасымыз «Жастары жалын жүректі,өршіл намысты елдің алар асуы биік болады» деп айтқандай биылғы 2019 жыл Жастар жылы болып жарияланды. Сондықтан «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі»КММ –де 05.01.2019 күні «Бақыттың самғау баспалдағы» атты түлектермен кездесу өтті. Осы мектепті бітірген түлектер әр саланың болашақ мамандық иелері ретінде мамандықты қалай, неге таңдағандары жайлы, қазіргі оқып жатқан оқу орнындағы жеткен жетістіктері жайлы, өздерін оқытқан ұстаздары туралы мектебіміздің 9,10 сынып оқушыларымен пікірлесіп, болашақта мамандық таңдауға жол сілтер факторлар жайлы сұхбаттасты.