жалпы ата- аналар жиналысының өтілуі туралы ақпарат

2013-2014  оқу жылы 22 қараша айында  жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 180 ата-ана, ГДН инспекторы қатысты. Жиналысты мектеп директоры Г. Әби «Отбасындағы ата-ананың ролі» баяндамасымен ашты. Ол салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ тәрбиеленетінін басып айтты.ГДН инспекторы М. Жолдыбалина «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс» баяндамасында жастар арасында көп кездесетін ұрлық, бопсалау, ішімдік ішу т.б қылмыстардың етек алып бара жатқанын ескерте отырып, балаларды сағат кешікі 18.00-ден кейін жалғыз ешқайда жібермеу қажеттілігін айтты.

Дата: 9.06.2014, 4:20 Автор: №9 ОМ