Мектепке жол Республикалық қайырымдылық акциясы
Құрметті кәсіпкер!
2018 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйекке дейін біздің Республикамызда дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жарияланады.
Акцияның мақсаты-жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, азқамсыздандырылған және көп балалы отбасыларынан шыққан балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету: оқу –жазу құралдарымен, оқулықтармен, киіммен қамтамасыз ету.
№8 о/м әкімшілігі Сізді «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!
Сізден аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларға ниет білдіруіңізді сұраймыз!
Сіздердің қамқорлықтарыңыздың арқасында тағдыр тәлкегіне түсіп, ата-ана қамқорлығынан айырылған және азқамсыздандырылған жанұя балалары 1 қыркүйекте мектепке жақсы көңіл күйде, оқуға деген ынтамен келе алады.
МЕЙІРІМДІЛІК-ЖҮРЕКТЕН, БАСТАЛАДЫ-НИЕТТЕН!
Шұғыл байланыс телефоны: 6-59-50
Байланыс телефоны: 4-05-65
Заттарды қабылдау орны: ЖББ №8 орта мектебі