Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп – гимназиясының оқушылары қалалық «Балауса-2012» интеллектуалды марафонының жеңімпаздары

 Сәкен Сейфуллин атындағы  №7 мектеп – гимназиясының оқушылары

қалалық  «Балауса-2012»

интеллектуалды  марафонының жеңімпаздары

Дәстүрлі қалалық олимпиада «Балауса-2012» интеллектуалды марафоны биыл 28 наурыз күні  лингвистикалық бағытта оқитын №16 мектебінде өтті. Оған қаламыздың мектепішлік олимпиададан жүлделі орын алған оқушылары қатысты.        

Мақсаты: білімді, дарынды оқушыларды анықтау, олардың танымдық

                 қабілеттерін дамыту.

«Балауса-2012» интеллектуалды марафоның ұйымдастырып, жетекшілік еткен  қалалық білім бөлімінің әдіскері Айтжанова Жанат Әбеновна. Марафон  3-4 сыныптар арасында қазақ тілі және математикадан пәндерінен өтті. Математика пәні бойынша қисынға байланысты тапсырмалар болса, қазақ тілі пәні оқушылардың жазбаша тілі мен шығармашылығын анықтайтын тапсырмалармен қамтылды.

         Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясынан 3-4 сыныптар арасынан әр паралельден 2 оқушыдан барлығы 8 оқушы қатысты. Соның алтауы жүлделі орындармен оралды.

Олар:

  1. Амангельдинов Айсер-3 орын, мұғалімі Амирбекова К.
  2. Ахметжанова Асел-3 орын, мұғалімі Малтабарова Н.К.
  3. Карипбекова Айжан-2 орын, мұғалімі Утеуова Р.
  4. Абентаев Олжас-3 орын, мұғалімі Утеуова Р.
  5. Сатыбалдиева Гүлім-2орын, мұғалімі Төлеубекова Т.
  6. Көпбосын Перизат-1 орын, мұғалімі Сәрсенбекова Ә.

 

Мектебіміздің  оқушылары мен мұғалімдерін шың жүректен құттықтаймыз!

Дата: 30.03.2012, 5:04 Автор: №7 МГ