Ауғанның асуында от кешкендер

 Ауғанның асуында от кешкендер

http://pics.kz/i2/78/ce/78ce9dce6fe9bccb01d49f7c2baed86d.jpg

15 ақпан күні мектепте «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өтті. Мақсаты: өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.  Кездесуге Ауған соғысының ардагері Шорман Бақытұлы келіп қатысты. Оқушыларға басынан өткерген күндерінен естеліктер айтып, видео материалдар көрсетті. Кездесу соңы  5 «Б» сынып оқушыларының  концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Дата: 2.03.2012, 6:36 Автор: №7 МГ