Тағылымы мол тарихи тұлға

 Тағылымы мол тарихи  тұлға

Қазақ халқының ардақты перзенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері  Д. Қонаевтың туғанына 100 жыл толды. Осы үлкен мерей тойға   С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында  түрлі іс-шаралар өткізілді. Соның бірі  біздің кітапхана қабырғасында өткізілген  «Тағылымы мол тарихи  тұлға» атты тәрбие сағаты .Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының  академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел  ордеңдері мен медальдерінің иегері  Дінмұхамед Ахмет­ұлының еңбек жолы Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигімен байланысты. Бұл қасиетті есім халық жүрегінде.Дінмұхамед Ахмет­ұлының өмір жолы ізін басқан, көзін көрген  замандастарына, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге.

 Ахметова М. Слайд фильм көрсете отырып Дінмұхамед атамыздың өмір жолына тоқталды. Ал оқушылар болса, аталары   жайлы деректерге көптеген  мағлұматтарға қанықты.  Деректі видео-фильмдер көрсетілді. Соңында кітап көрмесіне шолу жасалды. Балалар өз оқыған білгендерімен бөлісіп,  кештен алған әсерлерімен  бөлісті, ризалықтарын білдірді.

№7 мектеп-гимназиясының  кітапхана меңгерушісі: Байжұманова.С.Т.

Дата: 1.03.2012, 9:20 Автор: №7 МГ