«Біз екеуміз» атты ән байқауы

«Біз екеуміз» атты ән байқауы

«Біз екеуміз»

 14.02.2012жылы Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында музыка пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Біз екеуміз»атты ән байқауы  өтті. Бұл  байқаудың негізгі мақсаты – өнердің  құдіретін таныта отырып, оқушылардың бойына дарындылық, жауапкершілік қасиеттерді, талғам мәдениетін қалыптастыру болды. Сонымен қатар ынтымақтастыққа, бірлікке, алға қойған мақсаттарына жете білуге тәрбиелеу де алға қойылды.  Ұрпаққа тәрбие берудің үш өрісі отбасы, мектеп, мектептің тәрбие жүйесі екені белгілі. Осы орайда бала- кең әлемдегі ең таза, ең пәк  асыл жан екенін ескерсек, байқау барысында балалардың әні мен сәні бір-бірімен астасып жатты. Өнерпаздарымыздың әнге деген құштарлығы соншалық,  тақырыпқа сай әндерді орындауда өз шеберліктерін көрсете білді. Орындалған әндердің  барлығы да достық , махаббат, туған жер, Отанын сүю тақырыптарында болды. Байқауымызға 5-8 сыныптар арасынан 16 жұп қатысып, әндеріне сай киім киіп, тамылжыта салған әндерімен көпшіліктің көңілінен шыға білді. Әр өнерпазға  сыныптастары тарапынан сыйлықтар беріліп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.Әділқазы алқалары  сайыскерлеріміздің орындау шеберліктері мен киімдеріне, сахна мәдениетінің талаптарын дұрыс орындалысына пікірлерін білдіре отырып, әділ бағаларын берді. Кешті ұйымдастырушылар мектебіміздің музыка пәні мұғалімдері Ерубаева Риза Берікқызы мен Садуақасова Фаризаға  ата-аналар мен ұстаздар тарапынан алғыстар айтылды.Сонымен қатар өздерінің ұстаздық қызметін жаңа ғана бастаған мектебіміздің түлектері Тілеубекова Мейрамкүл мен Игембаева Нұргүлім байқауға ат салысып, өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Аталмыш ән додасы көңілді әрі мазмұнды өтіп, мектебімізді әнге бөлеп тастады. Залда ине шаншар жер болған жоқ.Міне,  бұл – өнердің құдіреттілігінің көрінісі.

Дата: 18.02.2012, 5:37 Автор: №7 МГ