23.02.2022 жылы мектебімізде Батылдық сабағы аясында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына байланысты 7-8-9 сынып оқушыларының ауған-тәжік шекарасының ардагері Өмірзақов Ерғали Оразғалиұлымен кездесуі өтті. Кездесу

23.02.2022 жылы мектебімізде Батылдық сабағы аясында Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына байланысты 7-8-9 сынып оқушыларының  ауған-тәжік шекарасының ардагері Өмірзақов Ерғали Оразғалиұлымен кездесуі өтті. Кездесу барысында ардагер өзінің басынан өткерген оқиғасын айтып берді, тәрбиелік мәні зор насихаттық әңгімесімен бөлісті, оқушылар түрлі сұрақтарына жауаптарын алды. Ардагер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.

Дата: 24.02.2022, 10:11 Автор: №7 МГ