Педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында «Жыл мұғалімі» байқауының мектепішілік кезеңі өтті

Педагог мамандығының мәртебесін арттыру және кәсіби шеберлігін ынталандыру мақсатында «Жыл мұғалімі» байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Байқауға қатысқандар: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Саменова А.М., көркем еңбек пәні мұғалімі Тлеубекова М.Қ., дене шынықтыру пәні мұғалімі Тащанова Г.Н., ағылшын тілі пәні мұғалімі Берік Н.Б., тарих пәні мұғалімі Абикенова Г.А., химия пәні мұғалімі Ракишева М.А. Оқушылардың  функционалды сауаттылықты дамытудағы мүмкіндіктері ескеріле отырып, тапсырмалар орындалып, сабақтың мақсат-міндеттеріне қол жеткізуде әр түрлі платформалар мен әдістер тиімді пайдаланылды. Байқау қорытындысы бойынша Ракишева М.А. байқаудың қалалық кезеңіне жолдама алды.

Дата: 25.10.2021, 10:18 Автор: №7 МГ