3-12 ақпан аралығында өткізілген «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ақпары

3-12 ақпан аралығында өткізілген  «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ақпары

3 ақпан күні балалар мен жеткіншектердің рухани-адамгершілік білімін қалыптастыру, шығармашылық әлеуетін, өзін-өзі тануға ұмтылысын дамытумақсатында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің ашылу салтанаты 2Ә, 8Д сыныптарының ұйымдастыруымен өткізілді. Жүректен жүрекке жететін адамгершілік пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық туралы өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі. 4-ақпан күні пән мұғалімі Шәрбекова Г.Қ. 10-сыныптар аралығында «Өзін-өзі тану балалар көзімен» атты ашық алаң өткізді. Оқушылар өздерінің жүрек түкпіріндегі өмірге деген ашық пікірлерімін бөлісті. 5 ақпан күні «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның ісі туралы «Мейірім төгетін ана» кітап көрмелері ұйымдастырылды. Оқушылар «Бөбек» балалар қорының негізін салушы Сара Назарбаеваның  өмірбаянымен, сондай-ақ мейірім, достық, бейбітшілік, төзімділік туралы еңбектерімен  танысты. Қайырымдылық, патриотизм туралы «Сәкен жастары» дебат клубының дебаты өткізіліп, оқушылар өздерінің ұтымды ой, құнды пікірлерін ортаға салды.

 «Алтын жүрек анамыз» атты көркемсөз байқауына  1-2- сынып аралығындағы оқушылар қатысты. Екі бөлімнен тұратын бұл байқау өз дәрежесінде өтті. Отан –ана бұл егіз ұғым. Анаға деген махаббатын өлең жолдарымен жеткізе білсе, Отанға, туған елге сүйіспеншілігін де мәнеріне келтіре айтқан оқушылар көп болды. Өлеңді нақышына келтіре оқып, жүрек түкпірлеріндегі өмірге, ата-анаға, ең жақын адамдарына деген бауырмалдылық, сүйіспеншілік, махаббат сезімдерін жеткізе білген барлық оқушыларға сертификат тапсырылып, әділ қазылар алқасының әділ шешімімен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапаттады.Білімалушыларды мейірімге, сыйласымдылаққа баулитын «Қарым- қатынас әліппесі» тәрбие сағаттары 1Г,1В,1Д – сыныптарында болып өтті. Сабақ барысында оқушылар топтаса, жұптаса отырып, өз ойларын, пікірлерін білдірді. Күнделікті өмірде жақсы қарым-қатынас жасауға үйретіп , оқушының қоршаған ортаға үйлесімді болуын ,жақсылыққа ,ізгілікке тәрбиелеу және татулыққа,сыйласымдылыққа достарымен  тіл табысу қасиеттері бойларына сіңірілді.

2А-сыныбымен Зейнетуллина Толқын Көпестаевнаның ұйымдастыруымен өткізген «Менің отбасым» шығармашылық сайысында ата- аналар белсене қатысты. «Ананың жүрегі ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды» демекші өз балаларының жасырын салынған суреттерін анықтауда Амирбековтер отбасы жеңіске жетті.

Өзін- өзі тану пәні балаларды кішіпейілдікке, сыпайылыққа, рақымшылдыққа, жанашырлыққа, сыйластыққа тәрбиелейді, ата-баба қалдырған өнеге-үлгіні құрмет тұтуға, оны қастерлеп жалғастыруға өте жақсы бағыт беріп, мектеп бағдарламасында жүзеге асып келеді. Оның дәлелі- бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларымен бірге  «Жүректен  жүрекке»    марафоны аясында «Қайырымдылық  жасай білейік!»  атты өткізілген  үлкен іс-шарасы. 3 « А» және 3 «Г» сынып оқушылары  қаламыздағы балалар үйіне барып қайтты. Балалар үйінде 6 жастан 14 жас  аралығындағы  14 бала тәрбиеленуде. Балалардың  көңіл күйлерін көтеру үшін,дайындаған  тақпақ,әндерін  ортаға салып, апарған  тәттілермен бөлісті. Балалар  рақмет айтып,ризашылықтарын білдірді. «Болашақта бұл балалар өте қайырымды азамат болып өсетініне сенімдіміз! Қайырымдылық- халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа –жан риза» дегендей жетім, қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болу, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол игі іске атсалысу әрбір адамның азаматтық борышы деп білеміз.

«Ән- көңілдің ажары» ән фестивалінің жеңімпаздары мен бишілерден қорытынды кеш ретінде, «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты тақырыпта онкүндіктің жабылу рәсімі ретінде «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарлама өткізілді. Онкүндіктің жабылуында үлкен мағыналы көріністен басталып, күмбірлеген күй де, мұң бұралған би де, тамылжыған ән де айтылды. Балалар өздерін әртүрлі қырларынан көрсетіп, өнерлерін шыңдаса, тамашалауға келген ата- аналар ризашылықтарын білдірді. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріліп, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Онкүндік аясында 4Б сыныбы (сынып жетекшісі Кашкынбаева Н.Ш.) "Батырлық пен табандылық " атты ашық сабақ, "Отбасы - бақыт мекені" 8Д сыныбында (пән мұғалімі  Саменова А.М.), "Мен достықты қалай түсінемін?" ашық сабағы (пән мұғалімі Қазкенова А.Қ.), "Сыныптағы достық" тақырыбында Рахымберлина Қ. , «Отбасы татулығы – қоғамдағы татулық» тақырыбында Тулеубекова Т.М. адами құндылықтарды оқушы  бойында дамытуға , адамгершілікке тәрбиелеуге бағытталғанашық сабақтар өткізді. "Сенде бір кірпіш дүниеге" атты 9-сыныптар аралығында эссе байқауы ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің өмірдегі мақсаттарын қаламмен өріп, әсерлерін жеткізе білді.

12 ақпанда оқушыларға қарым-қатынас жасаудың маңыздылығын түсіндіріп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ұғындыру мақсатында «Сүйіспеншілік – өмір негізі» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Оқушыларға сүйіспеншілікпен өмір сүрудің мәнін түсінуге мүмкіндік жасау және сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу мақсатында өткізілген сабақтарда оқушылар жоғары белсенділік танытып,  өздерінің жүрекжарды ойларымен бөлісті.

Дата: 13.02.2020, 17:13 Автор: №7 МГ