«Қош келдің, Жаңа-жыл!»

«Қош келдің, Жаңа-жыл!»

"С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы" КММ мектепалды даярлық топтары арасында 23.12.2019 күні «Қош келдің, Жаңа-жыл!» ертеңгілігі өтті. Ертеңгіліктің мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй тудыру,шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз-атаның, Ақшақардың, жаңа жыл тышқанның, т.б ертеңгілік кейіпкерлерінің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату болды.Ата-аналармен бірлескен ойындар ойната отырып , ата ананың мектеппен жақсы қарым – қатынасын одан әрі нығайта түсу, ата-аналар мен балалардың көңіл –күйлерін көтеру,шығармашылықтарын одан әрі дамыту болды. 
Мектепалды даярлық топтарының балалары ертеңгілікке белсене қатысты Балалар жыл бойы күткен Аяз-ата мен Ақшақарға өз өнерлерін көрсетті. «Шырша», «Ергежейлілер», «Сайқымазақтар», «Аяз-аталар», «Микки тышқандары» билерін билеп, тақпақ , өлеңдерін айтып, көрермендердің көзайымына айналды.Тәттілерге ие болды.
Жаңа жыл - құтты жыл болсын!

Дата: 12.02.2020, 10:33 Автор: №7 МГ