Өлең сөздің патшасы- сөз сарасы

Өлең сөздің патшасы- сөз сарасы

Ұлы ақын,сазгер, ағартушы, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 3-4 сыныптар арасында «Өлең сөздің патшасы- сөз сарасы» атты мектепішілік мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайыста Абай ақынның өлеңдерінен, қара сөздерінен үзінді оқылды. Үздік оқыған оқушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен және алғыс хатпен марапатталды. Абай Құнанбайұлы ұлтының нағыз жанашыры. Өлеңдері мен қара сөздерінің қайсысы болмасын ұрпақты жақсылыққа , игі істерге шақырады. Ақыл, жүрек, қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек, келешегіміз жарқын, болашағымыз баянды болары анық.

Дата: 5.02.2020, 9:00 Автор: №7 МГ