Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қарашадағы Жолдауын жүзеге асыру аясында «Адами капиталды қалыптастырудағы мектепке дейінгі мекемелердің ықпалы» мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің бірінші форумы болып өтті

Балқаш қаласында 2018 жылдың 23 қараша күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қарашадағы Жолдауын жүзеге асыру аясында «Адами капиталды қалыптастырудағы мектепке дейінгі мекемелердің ықпалы» мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің бірінші форумы болып өтті.

            Форум қала әкімінің орынбасары С.Ж.Жақсылықованың қатысуымен өтті. Іс-шара модераторы  - білім бөлімінің басшысы Г.Ағдарбекова.

            Форумның басты міндеттері:

Балалардың әлеуметтік дамуына пәндік-дамытушылық  маңызды орта құру;

 Балалардың денсаулығын қалыптастыруда, оқытуда педагогикалық ұжымда, медициналық қызметкерлерге және ата-аналарға біркелкі жұмыс жүйесін қалыптастыру;

 Болашақ баланың тұлға болып қалыптасу негізіне жағдай жасау

Секция отырыстары шебер-сынып, коучинг, тренинг түрлерінде өтті. Онда балабақша қызметкерлері өздерінің шығармашылықтарымен тәжірибе алмасты.

Олар:

Шебер-сынып: “Көпсалалы дидактикалық материалдарды пайдалану арқылы тәрбиеленушінің қозғалыс сапасын арттыру”

Семинар-треннинг: “Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына патриоттық-рухани қасиеттерді қалыптастырудағы отбасының ролі”

Семинар-коучинг:“Жас тәрбиеші – жетістік формуласы”

Шебер-сынып:“Іс-әрекеттегі инновация”.

Секция жұмыстарына 100-ден аса қызметкерлер қатысты. Көрермендер мен тыңдаушылар әр түрлі болды – олар әдіскерлер, тәрбиешілер, дене шынықтыру бойынша инструкторлар, жас мамандар және олардың тәлімгерлері.

Пленарлық отырыста мектепке дейінгі білім беру саласының өзекті мәселері мен маңызды сұрақтары қарастырылды. 300 адам қатысты. Көрермендер мен тыңдаушылар – ардагерлер, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог қызметкерлері, ата-аналар комитеті, БГТК студенттері және БАҚ өкілдері.

«Дуалды білім беру: педагог кадрларды дайындаудағы әлеуметтік қарым-қатынастың инновациялық жолы» атты баяндаманы «Балақай» б/б меңгерушісі З.К.Мухамеджанова және БГТК гуманитарлық білім бөлімінің меңгерушісі З.А.Сиырбаева сөз сөйледі.

«Тәрбиеленушілердің өмір сүру жағдайын әлеуметтендіруде ата-ананың ықпалы» атты тақырыпта «Бөбек» б/б әдіскері А.А.Сулейменова мен қалалық аналар мектебі төрайымы Ш.Р.Сыздықова өз ойларын ортаға салды.

«Бойында ерекше қасиеті қалыптасқан балаларға қолжетімді білім беру үшін кеңейтілген орта құру» тақырыбында «Ер Төстік» б/б дефектологы Д.К.Аубакирова толық тоқталып өтті.

Форум соңында шешім шығарылды.

 
  
Дата: 26.11.2018, 16:56 Автор: Білім бөлімі