Үш тілде білім беру аясында жаратылыстану-математика бағыты пəндерін ағылшын тілінде білім беру бойынша биология пəні мұғалімдері тəжірибе алмасу алаңында жұмыс жасады

2018 жылдың 22 қараша күні Балқаш қаласының білім бөлімінің жоспарына сəйкес, үш тілде білім беру аясында жаратылыстану-математика бағыты пəндерін ағылшын тілінде білім беру бойынша биология пəні мұғалімдері тəжірибе алмасу алаңында жұмыс жасады. Ə.Бөкейханов атындағы N15мектеп-лицейі биология пəнінің мұғалімі П.Бақытқызы өз тəжірибесін əріптестерімен бөлісіп, сабақ жəне факультатив барысында қолданатын ресурстарымен таныстырып,бөлісті.Алаң жұмысы ағылшын тілінде өтті.
Кезекті алаң жұмысы желтоқсан айында жалғасын табады.

Дата: 26.11.2018, 16:30 Автор: Білім бөлімі