Балаларға қолды дұрыс жуу алгоритмі
06-08-2021 12:45
Балаларға қолды дұрыс жуу алгоритмі

Қолды қалай дұрыс жуу қажет?

Қолды тез жуу және шаю вирустан толық құтылуға көмектеспейді. Төменде тиімді қол жуу процесі келтірілген.

  • Қадам 1: Қолды ағынды сумен сулаңыз
  • Қадам 2: Суланған қолға молынан сабынды жағыңыз
  • Қадам 3: Қолдың барлық жақтарын, оның ішінде алақанның сыртқы жағын, саусақтардың арасын және тырнақтардың астын кемінде 400 секундтан 60 секундқа дейін мұқият жуыңыз.
  • Қадам 4: Ағынды сумен мұқият шайыңыз
  • Қадам 5: Таза мата немесе бір реттік сүлгімен қолды құрғақ етіп сүртіңіз

2. Қолды қаншалықты ұзақ жуу қажет?

Қолды кемінде 40-60 секунд жуу қажет. Уақытты белгілеп қалудың қарапайым жолы - "Туған күніңмен" әнін екі рет толық орындап шығу.

Бұл өз кезегінде қолға арналған дезинфекциялау құралына да қатысты: құрамында кемінде 65% спирт (мүмкіндігінше метил спиртсіз болғаны дұрыс) бар дезинфекциялау құралын қолданыңыз және оны қолдың бүкіл үстіне кемінде 20 секунд жағыңыз.

3. Қолды қашан жуу керек?

COVID-19 алдын алу мәнмәтінінде қолды келесі жағдайларда жуу қажет:

  • Мұрынмен сіңбіргеннен кейін, жөтелгеннен немесе түшкіргеннен соң
  • Қоғамдық көлікті, базарлар мен діни ұйымдарды қоса алғанда, қоғамдық орындарға барғаннан кейін
  • Ақшаны қоса алғанда, үйден тыс заттардың беттеріне қолмен тигеннен кейін
  • Науқас адамға күтім жасау кезде, алдында және содан кейін
  • Тамаққа дейін және тамақтан кейін