«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ мамыр айының бракераж акпары
15-05-2024 16:43

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ мамыр айының бракераж акпары

2024 жылдың 15 мамырда мектеп асханасын бракераж комиссия мүшелері: тәрбие ісінің орынбасары А.С.Алпысбаева, әлеуметтік педагог А.Ф.Берикказиева мектеп медбикесі М.К.Сатбекова, аналар мектебінің төрайымы Б.О.Шаймерден мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыруды, асхананың санитарлық жағдайы, ас мәзірінің болуы және ондағы азық түліктің сәйкес келуі, тамақтың түрлері, дәмін және азық түліктің сапасын тексерді.

Тексеру барысында заң бұзушылық анықталған жоқ. Барлық талаптарға сай ыдыстар жуылып, дезинфекция жүргізіледі. Әр тамақтан сайын ыдыстардың барлық тазалық жұмысы жүргізіліп, үстелдерді ыстық су мен жуып отырады. Жуғыш құралдары тағамдардан бөлек сақталады.             

Бракеражды комиссия тексерісінің :                       

1.Келетін азық-түлік өнімдерінің сапасын сақтау шарттары мен мерзімдері талапқа сәйкес,тағамдарды жасау технологиясы сақталған                                 

2.Тағам оқушылардың физиологиялық талабына сай.

3. Жасалған тағамдар тәтті балалардың көңілінен шығады.