«Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпараты
30-04-2024 11:04

«Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектепте» КММ

9 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  «Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық» тақырыбында дәрістің ақпары

2024 жылдың 30 сәуірі күні мектеп инспекторы Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағамбетович   9 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  «Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарды біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Әңгіме барысында инспекторы Қоразбаев Нұрлыжан Айтмағамбетовичоқушыларға бейнеролик көрсетіп, оқушыларға сұрақ қойып, әңгіме жүргізді.