«Мектепте тамақтану - жас ұрпақтың денсаулығының кепілі»

Дата: 2017-10-22 19:06:53

Мектепке келу уақытында оқушылардың тамақтандырылуы  балалардың денсаулығы мен әлеуетін сақтау үшін маңызды шарттарының бірі болып табылады. Мектептегі тамақтандырудың жақсы ұйымдастырылуы мектепте  оқушылардың  бойында ауруларды болдырмауға көмектеседі, денсаулық  көрсеткіштерін жақсарту, балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психикалық дамуына жағдай жасайды.

Лицей оқытушылары тарапынан оқушылардың денсаулығын сақтау бойынша үлкен жұмыс жүзеге асырылады. Әрбір жаңа оқу жылының басында мұғалімдер, лицей оқушылары арасында осы бағыттағы жұмыс жоспарланады. Мектептің асханасының материалдық-техникалық базасын жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық-аналитикалық жұмыс жүргізілуде.

Лицейде медбике, оқушы, ата-аналар комитетінің төрағасы және лицей әкімшілігіне кіретін бракеражды комиссиясы жұмыс істейді. Оқу жылының басында мектеп әкімшілігі әрекет ететін ата-аналардың кездесулері өткізіледі. Ай сайын мектептегі тамақтануды ұйымдастыру және дамыту мәселелері  бойынша директормен кездесулер өтіліп, қарастырылады.

Біздің мектепте барлық оқушылар үшін тамақтануды қамтуға үлкен мән беріледі. Мектепте 928 оқушы оқиды. Әлеуметтік қорғалмаған және көпбалалы отбасыларын шыққан оқушыларды тамақтануды қамтамасыз ететін арнайы кесте бойынша жұмыс жүргізіледі. Әлеуметтік тәрбиеші  асханадағы тамақтандыру мәселелерін ұйымдастырады және тапсырыс береді.

Оқу жылы бойы лицейде тамақтану бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Қазан айында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында саптық жиын өтті. 6A сынып оқушылары өздерінің құрдастарына пайдалы тамақтану туралы, мектеп оқушыларының күнделікті диетасы туралы, яғни оқушылар күніне кемінде 4 рет тамақтануы керектігі, ал маусымаралық (күз-қыс, қыс-көктем) кезінде оқушылар тиісті жастағы витамин-минералды кешендерді алуға тиіс екенін айтты.