Размер шрифта:

«Жол жүрісі туралы» «Жас жол инспекторлары» клубының мүшелері 5-6 сынып оқушыларына жол жүрісі туралы ақпараттық сағаттарын жүргізді.

Дата: 2024-05-02 12:24:18
«Жол жүрісі туралы»  «Жас жол инспекторлары» клубының мүшелері 5-6 сынып оқушыларына жол жүрісі туралы ақпараттық сағаттарын жүргізді.

«Жол жүрісі туралы»  «Жас жол инспекторлары» клубының мүшелері 5-6 сынып оқушыларына жол жүрісі туралы ақпараттық сағаттарын жүргізді. Маусымдық жолда велосипед, квадрацикл, электросамокат тебу басталғандықтан, жолда жүру ережелерімен таныс болуды және жасөспірімдердің қас қарайғанда жолға шықпауын қатаң құлаққағыс етті!  Велосипед жүргізушілері жаяу жүргіншелерге арналған бағдаршамнан өткенде велосипедті теуіп өтуге болмайды, бағдаршамның жасыл жанғанын күтіп, велосипедтен түсіп жаяу жүріп өтуі керек. Көптеген жол-көлік оқиғалары бағдаршамнан өту кезінде орын алады. Себебі, жүргізуші велосипедті бағдаршамнан жоғары жылдамдықпен теуіп өтеді де, жеңіл автокөліктің қай жағынан келіп қалғанын байқамай қалады.  Қай   көше, қай  қалаға   барсаңыз да, Қай  ақыл  өлшеміне   салсаңыз да, Жол  жүру  ережесі — заңды   тәртіп Ол  ортақ   үлкен, кіші, баршамызға Жол  заңы   дұрыс   жүріп, абай   болуды   талап   етеді. Жол   тәртібін   бұзба, ол   қатер   тудырады. Сондықтан барлығымыз жолда жүру тәртібін сақтайық!