«Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі

Дата: 2024-04-24 18:21:30
«Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі
«Әлемді кітап арқылы танимын» атты кітап фестивалі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы бекітіліп, төрт жылдан бері жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты кітап оқу арқылы білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын, сонымен қатар кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру. Аталмыш жоба аясында мектеп-лицейімізде 2023-2024 оқу жылында көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылды. 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай мектеп-лицейіміздің акт залында "Әлемді кітап арқылы танимын" атты KitapFest шарасы өтті.
Шара барысында қаламыздың «Балқаш қаласының Мәдени-сауық орталығы» КМҚК жанындағы «Қуыршақ» театры, театр жетекшісі Меруерт Нурашқызы Утенова және жас әртістері М.Мақатаевтың «Сәби болғым келеді» өлеңі мен А.Құнанбаевтың «Есек пен бұлбұл» мысал өлеңінен қойылым көрсетіп, "Оқуға құштар мектеп" жобасының жылдық қорытындысы жасалды. Жобаға белсене атсалысқан сыныптар, білім алушылар марапатталды. "Үздік оқырман сынып" кубогын өткен оқу жылында 7 А сыныбы ұтып алған еді. Жеңіс биыл 5 А сынып оқушыларына бұйырыпты. Сол эстафета дәстүр бойынша 5 А сынып білім алушыларына табысталды. Құттықтаймыз!!!