12 сәуір -Қазақ ғылымының күні

Дата: 2024-04-15 16:10:47
12 сәуір -Қазақ ғылымының күні
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырған «12 сәуір -Қазақ ғылымының күні» К.И. Сәтбаевтың туған күніне орай өткізілген «Табиғат ғажайыптары» атты тәлімгерлерге арналған фасилитациялық сессияға Абай атындағы №2 мектеп- лицейінің аға- тәлімгері А.Е. Қалқаман қатысып, «Қаныш Сәтбаевтың музыкаға қосқан үлесі» тақырыбында баяндама оқыды. Семинар ZOOM платформасында өтті. 
Қ.И. Сәтбаев сан қырлы талантын, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмсады.
1931 жылы басылған А.Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына Сәтбаев қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу-маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. Затаевич қазақтың халық әндерінің білгірі әрі жақсы орындаушысы ретінде Сәтбаевтың дарынын жоғары бағалаған. Қаныш Сәтбаев әндердің тарихын да өте жақсы білген және шебер әңгімелеп айтып бере алған.  Қаныш Сатпаев халық көңілінен еш уақытта кетпек емес, ел үшін жасаған асқаралы ісі, ұрпағына мирас етіп қалдырған ғылым қазынасы халық есінде, тарихта мәңгі қалмақ.