Қаламыздың абыройлы кәсіпкерлері Қайрат Мұратұлы мен Мейрамбек Серікбайұлы мектеп-лицейіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.

Дата: 2024-03-02 08:11:34
 Қаламыздың абыройлы кәсіпкерлері Қайрат Мұратұлы мен Мейрамбек Серікбайұлы  мектеп-лицейіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті.
Мектеп-лицейімізде “Өнегелі өмір” жобасы аясында қала тұрғындарын жұмыспен қамту арқылы экономикамызды дамытуға үлес қосып жүрген және мұқтаж жандарға қайырымдылық жасау арқылы,  ұлтты жанашырлыққа тәрбиелеуге ат салысып отырған Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің түлектері,  қаламыздың абыройлы кәсіпкерлері Қайрат Мұратұлы мен Мейрамбек Серікбайұлы  мектеп-лицейіміздің 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. 
Кәсіпкерлер мектепте оқыған кездеріндегі  қызықты сәттерін, жетістікке жету жолында алған тәжірибелерін баяндап,  оқушыларымызға жеңіс, жетістік тек қана маңдай термен, еңбекпен, біліммен келетін жеткізіп, талмай білім алу керектігін атап айтты. Оқушылар кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып,  жігерлендірер жауап алды.
#ҚОББтәрбие
@ҚОББтәрбие
@g.kozhakhmetoova
#қаржыәлемі
#қаржылықсауаттылықапталығы
#мирфинансов
#неделяфинансовойграмотности