9-сынып оқушылары ҚР Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті.

Дата: 2024-01-16 17:24:02
9-сынып оқушылары ҚР Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті.

4 қаңтар күні кәсіби бағдар беру жоспарына сәйкес, қысқы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары ҚР Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжіне барып, кәсіби сынамадан өтті. Іс-шара мақсаты - түлектерді колледж өмірімен, колледжде оқытылатын мамандық түрлерімен таныстыру, сол арқылы осы колледжде білім алуларына ұсыныс білдіру. Колледж мамандары оқушыларды колледж мекемесінің ғимаратымен, дәнекерлеуші, электрик мамандықтарымен таныстырды.