«Мұзафар Әлімбаев - балалар әдебиетінің классигі» зияткерлік ойыны.

Дата: 2023-11-12 21:06:11
«Мұзафар Әлімбаев - балалар әдебиетінің классигі» зияткерлік ойыны.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балалар бағының бағбаны Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай 4 сыныптар арасында «Мұзафар Әлімбаев - балалар әдебиетінің классигі» атты зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын 4 кезең барысымен жүргізілді. І кезең - Таныстыру, ІІ кезең - Бәйге, ІІІ кезең – Жұмбақтар,  ІV кезең - Сөзді тап. Ойынға әділ бағаларын берген әділқазылар алқасы қатысушыларға «Көшбасшы топ», «Білімді топ», «Білмекке құштар топ», «Ұшқыр ойлы топ» номинациялары бойынша тағайындалған марапаттарын табыстады. Зияткерлік ойын тапсырмалары Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисі арқылы жасалды.
Балалар әдебиетінің өркендеуіне айрықша үлес қосқан қаламгердің бірі әрі бірегейі Мұзафар Әлімбаев «Балдырған» журналын өз қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты. Мұзафар Әлімбaев есімі өз елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де кеңінен танылған балалар ақыны, жас бүлдіршіндердің сүйікті қаламгері. Мұзафар Әлімбаев қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі және оның зерттеушісі, өлең-баталарды қайта жаңартушы және дамытушы тұңғыш ақын.