Дені сау ұрпақ-ұлттың болашағы

Дата: 2023-03-01 21:19:10
Дені сау ұрпақ-ұлттың болашағы

2023 жылдың 25 ақпан күні 5 А сынып жетекшісі Б.Ж.Садыканова "Дені сау ұрпақ-ұлттың болашағы" тақырыбында сынып оқушылары мен ата-аналарды топтастырып, сайыс өткізді. Сайыста ата- аналар мен балалары команда құрып, арқан тартыс, денсаулыққа байланысты мақал-мәтел, шариктерді жинау,  секіру, жүгіру т.б. жарыстарға қатысып, өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Сайыс барысында сыныптың оқушылары би билеп, ата- аналар алғыс айтып, өз ризашылықтарын білдірді.