Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында қаламыздан шыққан белгілі тұлғалардың қатысуымен іс – шаралар өткізілуде.

Дата: 2020-12-25 07:00:41
Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы  аясында  қаламыздан  шыққан белгілі  тұлғалардың қатысуымен іс – шаралар өткізілуде.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру мақсатында «Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ- де «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында қаламыздан шыққан белгілі тұлғалардың қатысуымен іс – шаралар өткізілуде. Қаламыздың дамуына зор үлес қосқан азаматтардың табысқа жету тарихына мән беру арқылы ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту, жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс- тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, өмірге дайындау, қоғамда, өмірде өз орнын таба білуге баулу мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Болат пен бастауыш сынып мұғалімі А.А.Дауренбекова лицейішілік "Абай-руханияттың алтын қазығы" жобасы, «Өнегелі өмір» жобалары аясында кездесулер ұйымдастырып отырады.