Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс

Дата: 2023-05-12 11:41:47

2023 жылдың 1-ақпан күні "Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі" КММ-де Ауғанстан жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс ұйымдастырылды. Осындай іс –шараны ұйымдастыру мектепте дәстүрге айналған.Іс-шараға Ауған соғысының ардагері М.Д.Абдирбаев, Әлімхан Ермеков атындағы "№17 мектеп-лицейінің" АӘТД жетекшісі Д.М.Левкович, "Зияткер" мектебінің АӘТД жетекшісі М.І.Балбыков, №2 мектеп интернатының АӘТД жетекшісі Кумысбеков Алибек әділқазы ретінде қатысты. Жарысқа қатысқан 6-9 сынып ұл балалар арасынан өзінің ептілігімен, күштілігімен көзге түсіп, жеңіске жеткендер бар. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Іс –шараның маңыздылығы соншалық келешек ұрпақты елінің тарихын білуге, Ауған соғысы ардагерлерін құрметтеуге, ерліктерін ұмытпауға үйретеді. Ұйымдастырушы - АӘТД жетекшісі және дене шынықтыру пәні мұғалімі Аскаров Ануар Акылбекович