Балабақшаға баратын бала не білу керек?

Дата: 2020-12-10 10:00:57

Балабақшаға баратын баланың өзіне-өзі қызмет ету дағдылары дамуға тиісті: киіну, ас ішу, дәретханаға бару, қол-бетін жуу, сүлгімен сүртіну. Әрине, тәрбиешілер түйме-бауларымен айналасуға көмектеседі, бірақ, олар бар топтағы тәрбиеленушілердің әрқайсысын шешіндіріп-киіндіріп және қасықтан ас беруге барынша көмектеседі.


          Екі жастағы баланы дербестілікке үйрету ең ыңғайлы жас. Кішкентай адамның психикалық даму заңымен табиғаттың өзі де сіздің жағыңызда.

Екі жастағы баланың ата-анасы дербестілікке ұмтылған балаға бөгет жасамауға тиісті. Бұл өте маңызды сәт! Үш жастағы бала дербестілік дағдылырын меңгереді: ішу-жеу, тіс тазалау мен жуыну, киіну-шешіну, уақытында дәретке бару. Ойыншықтарын жинау, орнына қою, үстелді сүрту, киімді ретімен жинау дағдыларын меңгереді.
           Сіз осыған сенбейсіз бе? Сеніңіз: баланың осындай жетістіктерге жету үшін, сізден керегі – бөгет жасамаңыз! Қолынан қақпаңыз, жұлқыламаңыз, әр қадамын қадағаламаңыз, баланың орнына ісін орындамаңыз, өйткені «ол кішкентай, ештеңе қолынан келмейді!» – деп айтпаңыз.
            Сәбидің дербестілік киінгені ананың жүйке жүйесін қозғайды, әсіресе ол өзі темпераменті бойынша ашушаң немесе сангвиник болса. Бір сөзбен айтқанда – өз-өзіне ұстамды болу, шыдамды, баламен қарым- қатынасы сезбелі болу тиісті, импульсті емес.
       Өз жұмыстарыңызды жоспарлағанда, алдын-ала күн тәртібіңіздің бір-біржарым сағатыңызды баланың «дербестілігіне» сақтаңыз. Балаңыздың күші келетін іс-әрекетті оның орнына орындамаңыз. Таныс емес дағдыны дербесті орындауға мүмкіндік беріңіз, тек қана, балаға көмек қажеттігін көріп тұрсаңыз, «әкел, мен істейін!» – демей, «қарашы, бұл осылай істеледі!» – деп, үйретіңіз.
          Екіншіде, баланың күші келмейтін тапсырмаларды бермеңіз, сәби амалым жоқ деп сезбесін, қайта көбірек жетістіктерге жете берсін.
        Баланы киініге қалай үйрету керек?
Келесі кеңестерге назар аударыңыздар:
      - «Тек қана өзің киін!» – деп, айта көрмеңіз. Бірақ «Өзім киінемін!» – десе, бөгет жасамаңыз.
       - Өз уақытыңызды баланың киінуге үйрену мезгілімен жоспарлаңыз. Таңертең жарты сағат ерте тұрғаныңыз жөн болады, өйткені жаңа дағдыға үйренуге бөгет жасамаңыз.
       - Егер бала өзінен-өзі кингісі келмесе, кішкене көмектесіңіз. Мысалы: нәскиді кигізгенде, толық кигізбеңіз. «өзің жоғары тарт!» – деп, ұсыныс беріңіз.
        - Тек қана жеңіл шешінетін киімді «Шеш!» -деп, балаға айтыңыз. Киіну-шешіну дағдысына бала бертіңдеп үйренеді, балаға кішкентай «сабақтарды» өжетті ұсыну дұрыс болады: «қолыңды жеңге өзің кіргіз» т.б.

 Баламен сайыс та ұйымдастыруға болады: кім нәскиді тез киеді, кім шалбарды тез шкафқа іледі, т.б.

Автор: Балдырган