«The world around us»

Дата: 2023-01-19 13:02:59
«The world around us»

2 «А» сыныбында «Lesson Study» - «Зерттеу сабақ: тәжірибе алмасу» жобасы аясында жүргізілген сабақтың ақпараты

21.12.2022 жылы 2 А сыныбында «Lesson Study» - «Зерттеу сабақ: тәжірибе алмасу» жобасы аясында «The world around us» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушыларда айтылым дағдысын жетілдіру мақсаты бойынша жұмыстар жүргізілді. Әртүрлі әдістерді қолдандым. Үй тапсырмасына Жаңылтпаш жаттауға бердім. Ол үй тапсырмасын «Wordwall»платформасында тексердім. Балалар жақсы белсенділік танытты.  Жаңа тақырыпты видео көрсету арқылы бастап,балалар тақырыпты өздері анықтады. Жаңа сөздерді «Listen and repeat» әдісі бойынша мұғалім көмегімен қайталанып, дәптерлеріне жазып алды. «Look, read and write»әдісі бойынша жаңа сабақты бекіттім.