Размер шрифта:

"Дәуірдің аңыз адамы"

Дата: 2022-02-04 12:12:24

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп – интернаты» КММ –інде  А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Дәуірдің аңыз адамы" атты кітапханалық сағаты өтті.  Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының бақытты болашағы үшін өз өмірін қиған ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог, публицист және өз Отанының нағыз патриоты! Мақсаты: Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері - Ахмет Байтұрсынұлының тілді түрлеген ғалымдығын, қысқа ғұмырын халқына арнаған дарабоз дарын иесі екендігін сезіне білуге, оның шығармаларын сүйсініп оқуға тәрбиелеу. Кітапханалық сағатқа 4 А сынып оқушылары белсенді қатысып, Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығымен таныстырылды.