Мектеп жанындағы «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығы ұйымдастырған іс-шаралардың қорытынды ақпараты

Дата: 2017-06-16 06:23:01
Мектеп жанындағы «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығы ұйымдастырған  іс-шаралардың қорытынды ақпараты

        «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығында барлығы 26 бала қамтылды. Олардың жастары 5-12 жас аралығында. 

14.06.күні мектебімізде «Достар,достар және жаз» атты мерекелік концерт өтті. Оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа,кішіпейілділікке, досты құрмет тұтуға және досқа адал болуға тәрбиелеу мақсатынды өткізілді.

15.06 күнімектебімізде «Балбұлақ» жазғы сауықтыру орталығының оқушыларының қатысуымен «Ертегілер елінде»атты қойылым өткізілді.Балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейтіп,бір-біріне қамқор болуға,қызығушылықтарын оятып кейіпкерлермен бірге қуану-қайғыруды байқауға үйрету.Балалардың сөйлеу,тілін  дамыту,ертегі кейіпкерлерінің сөзін,дауыс интонациясын  дұрыс келтіріп айтуға дағдыландыру.Бір-біріне  жанашырлық сезімдерін қалыптастыру,дос болу мақсатында өткізілді.

16.06 күні мектебімізде «Туған күн кешінде»  атты концерттік мереке  өтті. Туған күн мерекесі жайлы пікір алмасу және оқушылардың ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту мақсатында  «Туған күн кешінде» атты тәрбие сағаты  өткізілді.

Автор: №9 ОМ