Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне арналған ақпараты

Дата: 2017-06-02 06:53:10
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері  күніне арналған ақпараты

 2 маусым Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 25 жылдық   мересесіне  орай №9 ЖББОМ жанындағы «Балбұлақ» сауықтыру лагерінің оқушыларына «Рәміздер- Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында салтанатты жиын өтті.Жиынды мектеп директорының міндетін атқарушы Ботаханова С.Рәміздер күнінің тарихы, әр Қазақстан азаматы үшін алар орны жайында айтып өтті. Мектеп ауласында мерекеге сай патриоттық әндер ойналып тұрды. Жазғы алаң оқушылары арасында мектеп кітапханасында«Ел рәміздері ел рухы» тақырыбында  дөңгелек үстел  жүргізілді. Жазғы мектептегі бастауыш сынып оқушылары арасында  мектеп ауласында "Гүлдене бер, Қазақстан!" тақырыбында сурет салу сайысы өтті.

          Бастауыш сынып мұғалімдері: Шакирова Д, Тажекиева М.Ордабаева Н.  ұйымдастыруымен  жазғы мектептің 1-4 сынып оқушыларының арасында «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Шараның мақсаты: Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге, мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолы туралы айта отырып, оқушыларды Отан сүйгіштікке, адалдыққа,адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Шарада оқушылар  рәміздер туралы тақпақтар айтып, рәміздердің авторларының өмірбаянымен, еңбек жолымен танысып өздеріне қажет болатын көптеген ақпараттар алды.

Автор: №9 ОМ