«Ауғаныстан- жүректегі жара» тақырыбында сынып сағат ақпараты

Дата: 2024-02-12 17:48:54
«Ауғаныстан- жүректегі жара» тақырыбында  сынып сағат  ақпараты

12.02.24 күні №9 жалпы білім беретін  мектебін Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына  35- жыл толуына орай     1-11 сыныптар арасында «Ауғаныстан- жүректегі жара» тақырыбымен сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Ерлік көрсетіп, осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізді жайында ақпараттар беріліп, біз әрдайым мақтан ететінімізді атап өтті.

Автор: №9 ОМ