Сынып сағаты

Дата: 2024-01-08 19:31:11
Сынып сағаты

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Ұлттық мүдде»  ұлттық құндылығын қалыптастыру мақсатында 08.01.24 күні 1-7 сыныптарда 10 қаңтар - Қазақ әдебиеті және Азаматтық лирика күніне орай Ілияс Есенберлиннің өмір жолы жайында сынып сағаттары өтті. Оқушыларды жазушының тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, рухани құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, шығармашылық зерттеу, ғылыми қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту мақсатында ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді. 

Автор: №9 ОМ