Ақпарат

Дата: 2023-02-23 09:23:44
Ақпарат

Ақпанның 21 жұлдызында №9 жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Мухаметжанов Ж.Т. 9 сыныпта «Ойын кезегіндегі мәселені шешу дағдысын жетілдіру. Баскетбол өзара әрекеттестік.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында баскетбол ойынындағы қауіпсіздік ережелер, қыздыру жаттығулары, жан-жақты дамытатын жаттығу түрлері көрсетілді. Білім алушылар сабақ барысында өздерінің көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, допты шығырға лақтыру әдістерін орындады.

Автор: №9 ОМ