Размер шрифта:

“Менің сүйікті ертегім”

Дата: 2022-01-21 12:36:59

13.01.22 күні 2В сыныбында “Менің сүйікті ертегім” атты қашықтықтан танымдық сайыс өтті. Бұл сайыста сынып оқушылары ата-аналарының қолдауымен сүйікті ертегілерінен видео үзінді көрсетті. Сол арқылы балалар қай ертегінің үзіндісі екенін айтып, ондағы кейіпкерлерді тапты. Бұл сайыс балалардың шығармашылық, актерлік шеберліктерін, танымдық қабілеттерін арттырып, оқушылардың қызығушылықтарын туғызды.