Размер шрифта:

Category: Все

27 мамыр күні 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар басталды...

27 мамыр күні 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандар басталды. Бүгін түлектер бірінші емтиханды тапсырды - алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан. 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауы 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өткізіледі. Екінші емтихан – оқу тілінде жазбаша – 30 мамыр; Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2 маусым; орыс тілінен емтихан қазақ мектебінде, қазақ тілінен – орыс мектебінде – 7 маусымда жазылады. Соңғы емтихан 10 маусымда – таңдалған пән бойынша өтеді. Түлектерге емтихандарға сәттілік тілейміз!

2022-05-27 17:03:55

To download

11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу кестесі

11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу кестесі

2022-05-27 16:39:23

To download

9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу кестесі

9 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу кестесі

2022-05-27 16:38:29

To download

Жалпы орта мектепті бітіру емтихандарының консультациялар кестесі, 2021-2022 оқу жылы

Жалпы орта мектепті бітіру емтихандарының консультациялар кестесі, 2021-2022 оқу жылы /11 сынып/

2022-05-27 16:36:13

To download

Негізгі орта мектепті бітіру емтихандарының консультациялар кестесі, 2021-2022 оқу жылы

Негізгі орта мектепті бітіру емтихандарының консультациялар кестесі, 2021-2022 оқу жылы /9 сынып/

2022-05-27 16:33:57

To download

26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" өз жұмысын бастады...

26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" өз жұмысын бастады. «Жазғы мектепте» оқушылар үшін физика, әдебиеттік оқу, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану, биология, химия, математика сабақтары кестеге сәйкес жүргізіледі. Жазғы мектеп кезінде оқушылар білімін шыңдап қана қоймай, дене қабілеттерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

2022-05-27 11:43:37

To download To watch

Ата-аналар назарына! Жазғы мектеп - 2022

Биылғы оқу жылында 26 мамырдан 17 маусымға дейін мектеп-интернатында «Жазғы мектеп» жұмысы ұйымдастырылады. Онда үлгерімі төмен оқушыларға көбірек көңіл бөлінеді. Жазғы мектепте 1-8 және 10 сынып оқушылары штаттық форматта білім алады. Жазғы мектептің басты мақсаты – шектеу шаралары кезеңінде жіберілген оқыту сапасын арттыру және білімнің олқылықтарын толтыру болып табылады. Қабылдау ата-ананың өтініші бойынша, ақысыз, үлгерімі төмен оқушыларға назар аудара отырып ұйымдастырылады. Сабақтар жобалау, зерттеушілік, зертханалық жұмыстар, таза ауада және т.б. түрлері бойынша өтеді. Үй тапсырмасы берілмейді. #жазғымектеп_2022

2022-05-24 14:37:15

To download

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру жоспары

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру жоспары

2022-05-23 16:01:26

To download

Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

Конституциялық өзгерістердің айқын 10 көрінісі

2022-05-19 16:18:16

To download

«Оқушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс мәдениеті», «Әкімшілік жауапкершілік», «Түнгі уақыт», «Оқушылардың жазғы демалысындағы қауіпсіздік» тақырыптарында әңгіме-кеңес, пікірталастар жүргізді...

11-17 мамыр күндері аралығында Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Қуанышбек А. Қ. , әлеуметтік педагог Катенова А. К., Балқаш қаласының ПБ-нің ЕҚҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция лейтенанты Абитаев Е. А. және мектеп инспекторы Қасымжанова А. Қ. 3 - 9 сынып білім алушыларымен «Оқушылардың қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс мәдениеті», «Әкімшілік жауапкершілік», «Түнгі уақыт», «Оқушылардың жазғы демалысындағы қауіпсіздік» тақырыптарында әңгіме-кеңес, пікірталастар жүргізді. Мақсаты: қылмыстың – қоғамға қауіпті әрекет, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмысы, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу, сонымен қатар шылым шегудің адам ағзасына тигізетін зиянды әсері түсіндіру. Есірткі қолданудың зиянды әсерлерін ашу, оның салдарынан туатын аурулар туралы оқушылар білімін арттыру мақсатында «Зиянды заттардың зардабы» бейнефильмі көрсетіліп талқыланды.

2022-05-18 16:59:13

To download To watch

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы

Қазақстан Республикасы Конституцияның 91-бабының 1-тармағына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзiлсiн.

2022-05-18 08:38:15

To download To watch

Рейдтік іс-шара өткізілді...

«Балалар жылы» аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 12 мамырында рейдтік іс-шара өткізілді. Басты мақсат отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету, келеңсіздіктердің себептерін жою. Балалы отбасылардың деректер қорын жүргізу. Рейдтік шараға барлық мектеп мұғалімдері мен инспекторлар қатысты.

2022-05-16 15:21:17

To download To watch

First 1 8 9 10 11 12 61 Last