Дәреже: Все

«Қамқоршы күнін» атап өту дәстүрге айналды...

Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап 29 қазан «Қамқоршы күнін» атап өту дәстүрге айналды. Осы орайда қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында 28 қазан күні қамқоршыларға мектеп әкімшілігінің атынан алғыс хаттар табысталды, оқушылар өз ризашылықтарын, тілектерін білдірді.

2022-10-30 17:51:15

Скачать

25 қазан - Республика күнімен құттықтау...

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Биыл Қазақстан көп жылдардан бері алғаш рет ұлттық мереке – Республика күнін тойламақ! 25 қазан – еліміз үшін тарихтағы ең маңызды күндердің бірі. Өйткені, 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Шын мәнінде, бұл еліміздің тәуелсіздікке жасаған алғашқы қадамы еді. Декларацияда еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды. Онда тұңғыш рет территорияның тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, халықтар мен олардың тілдерінің мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттіліктің қағидалары бекітілді. Осы айтулы датамен шын жүректен құттықтаймыз! Бастарыңызға бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық тілейміз, әр шаңырақта бақыт пен береке орнасын! Сіздерге зор денсаулық, мейірімділік және сәттілік!

2022-10-22 16:10:18

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлыққа күрес» тақырыбында презентациялар, видеороликтер байқауы өтті...

2021 жылдың 17-21 қазан аралығында 6-9 сынып оқушыларының арасында «Сыбайлас жемқорлыққа күрес» тақырыбында презентациялар, видеороликтер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың қорытындысы бойынша 9 “Ә”, 7 “А” сыныптыры дайындаған әлеуметтік роликтері үздік деп танылды. Саптық жиында оқушылар марапатталды.

2022-10-22 15:55:40

Скачать Смотреть

Мұғалімдермен және ата-аналармен тұмауға қарсы екпе туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді ...

21 қазан күні қаламыздағы «Салауатты өмір салтын сақтау» бөлімінің меңгерушісі В. А. Омаров мектебімізге келіп, мұғалімдерге және ата-аналарға «Тұмауға қарсы екпе алу» жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар өз сұрақтарына толықтай жауаптар алды.

2022-10-21 17:15:10

Скачать Смотреть

«Тұмаусыз күз» ата-аналар үшін ақыл-кеңес

Салқын тигеннен науқастанатын мезгілде балаларды шынықтыру үшін ата-аналарға арналған кеңесті ұсынамыз. Мақалада шынығудың негізгі ережелері мен әдістері бар. Оны басып шығарыңыз және топтағы стендке іліп қойыңыз немесе қыркүйек айында жиналыста ата-аналарға таратыңыз.

2022-10-20 17:24:32

Скачать Смотреть

Экологиялық акция...

19 қазан күні «25 қазан - Республика күніне» және мектебіміздің жылыжайына 10 жыл толуына орай мектебіміздің акция ұйымдастырды. Акция барысында мектебіміздің эко-агро сынып оқушылары, мектебіміздің экология министрі, «Жасыл отан» экоклуб жетекшілері қаламыздың «Ертөстік», «Алпамыс» және «Балақай» балабақшаларына барып, оқушыларымыз өздері егіп өсірген туя ағашын сыйға тартты. Келешекте туя ағаштарын өздерінің бақшаларында өсіреді. Ақциянын мақсаты - еліміздің экологиясын жақсарту.

2022-10-19 17:12:26

Скачать Смотреть

«Тұмаусыз күз» ата-аналар үшін ақыл-кеңес

Салқын тигеннен науқастанатын мезгілде балаларды шынықтыру үшін ата-аналарға арналған кеңесті ұсынамыз. Мақалада шынығудың негізгі ережелері мен әдістері бар. Оны басып шығарыңыз және топтағы стендке іліп қойыңыз немесе қыркүйек айында жиналыста ата-аналарға таратыңыз.

2022-10-19 14:15:49

Скачать Смотреть

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

1. Балаңызды жиі мақтаңыз. Ақырын құшақтаңыз, ол табысқа жеткенде немесе ол қатты тырысқанда оған кішкене сыйлық беріңіз. Егер бала мұны істеуге тырысса, бірақ ол сәтсіз болса, оны үнсіз қалдырған дұрыс немесе жай ғана: «Өкінішті, бұл орындалмады, ол басқа уақытта болады».

2022-10-18 14:13:03

Скачать Смотреть

Қамқоршылық кеңесінің №3 хаттамасы

15.10.2022 хаттама үзіндісі

2022-10-18 14:06:04

Скачать Смотреть

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айына арналған мектепішілік бақылау жоспары

2022-2023 оқу жылының қыркүйек айына арналған мектепішілік бақылау жоспары

2022-10-12 18:06:47

Скачать

Облыстық ақпараттық керуені сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихат семинарын өткізді...

7 қазан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында облыстық ақпараттық керуені мектебімізге келіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша насихат семинарын өткізді. Семинарға ата-аналар, мұғалімдер және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңесінің эксперті Аукенов Нұртай Алпысұлы семинар барысында жемқорлыққа байланысты деректі фильмдер көрсетіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтты. Семинарға қатысушылар көптеген ақпараттар алып, өз сұрақтарына жауап алды.

2022-10-09 23:58:07

Скачать Смотреть

Ақпараттандыру саласындағы мектеп бұйрықтары

1.Интернет желісіндегі ресурстарға оқушылардың кіру рұқсаттарын шектеу туралы 2. Информатика, физика, химия, кабинеттеріне жауапкершілік туралы 3."Ұлттық білім беру деректер қоры" /НОБД/ ақпараттық жүйесін қалыптастыру туралы 4. Мектептің ресми сайтына ақпаратты орналастырып, жариялауға жауапты тұлғаларды тағайындау туралы 5. Интернет жылдамдығын тексеріп өлшеу бойынша комиссия құру туралы 6. 2022-2023 оқу жылында Білімал жүйесіне жауапты тұлғаларды тағайындау туралы

2022-10-06 15:38:02

Скачать

бiрiншiсi 1 3 4 5 6 7 61 соңғысы